
Жамбыл облысында 25 шілдеде ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 25.06.2021 жылғы №29 "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес:
1)бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныс маскаларын кию режимін сақтау (маска мұрынды, ауызды және иекті толық жабуы тиіс);
2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану;
3) адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау, бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр;
4) қол алысудан немесе өзге тікелей байланыстан аулақ болу.
Дауыс беру күні ғимараттың техникалық мүмкіндіктері болған кезде жеке кіру және шығу жолдары қамтамасыз етіледі. Дауыс беру бөлмесі әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін кең, желдету үшін терезелерді ашу мүмкіндігі бар ұсынылады.
Сондай-ақ, дауыс беру күні жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру қажет:
1) КВИ ауруының белгілері бар азаматтарды анықтау үшін байланыссыз термометрлер арқылы температураны өлшеу үшін медицина қызметкерлерінің немесе еріктілердің кезекшілігі;
2) сайлау процесіне қатысушыларда дене қызуының жоғарылауы (37°С жоғары) және КВИ ауруының өзге де белгілері анықталған жағдайда оларды медицина қызметкерінің қарауы немесе жедел жәрдем бригадасының келуін күту үшін сайлау учаскесіндегі жеке бөлмеге оқшаулайды. Сайлаушы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 41-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс көзделген үй-жайда дауыс беруге құқылы.
3) әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жиһаз бен техникалық жабдықты орналастыруды.
Сайлау комиссияларының мүшелері сайлау учаскесіне вакцинация паспорты болған кезде жіберіледі. Вакцинация үшін медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға ПТР әдісімен тесттің теріс нәтижесі болған кезде жол беріледі.