Павлодар облысында «Ashyq» бағдарламасы аясында 712 объект жұмыс істейді

Павлодар облысында «Ashyq» бағдарламасы аясында  712 объект жұмыс істейді

Бүгінгі таңда  Павлодар облысында «Ashyq» бағдарламасымен  712 объект жұмыс істейді, соңғы тәулікте сайтқа 182 нысан тіркелді.

Жобаны енгізгеннен бері (18 мамырдан бастап) 16 шілдеге дейін мониторингтік топтар 197 рейд жүргізді, мамандар 1017 нысанның жұмысымен танысты.   Бекітілген ережелерге қарамастан, Павлодар және Екібастұз қалаларында «Ashyq» бағдарламасының қатысушылары арасында 6 объектіде  шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің бұзылғаны анықталды.

Бұзушылық фактілері  негізінде  ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 422965 теңгеге  хаттама құрастырылды.

16 шілдеде 1 тәулік ішінде мониторинг топтарымен 4 рейд жүргізілді, оның барысында 14 нысан қамтылды. Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзу анықталған жоқ.

16 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін  61  объектіге «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 169  адамның енуіне  (106 – қызыл, 63 - сары) жол  берілмеді, оның ішінде  110  адам - Павлодар облысының, тағы  59 адам басқа өңірлердің  тұрғындары болып табылады.      

Объектілерге кіре алмаған тұрғындар  COVID-19 базасы бойынша тексерілді және анықталған фактілер бойынша оларға оқшаулау қажеттілігі туралы талаптармен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулылар табысталды.

Мамандар тарапынан  ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 8  хаттама толтырылып, соның ішінде 1 материал  сотқа жіберілді.

Басқа облыстар тұрғындары бойынша анықталған бұзушылық фактілері жөніндегі  ақпарат аумағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жолданды.