
Солтүстік Қазақстан облысында шет елдерден келген адамдардың арасында КВИ жағдайларының жиі тіркелуі байқалады. Бұл негізінен Ресей Федерациясынан келген адамдар арасында орын алып отыр.
Мәселен, 2021 жылғы 12 шілдеде Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 980 адам өткен, жолаушылардың 723-інде ПТР-анықтама болған. Анықтамасыз келген 16 Қазақстан азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленген. 2 шетел азаматына кіруге тыйым салынды, өйткені Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған.
2020 жылғы 6 қазан мен 2021 жылғы 12 шілде аралығында Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 182 548 адам өткен.
Оның ішінде жаяу жолаушы – 84 180 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары болған. 4 742 адам - ҚР азаматтары анықтамасыз келді және COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды.
Осы кезеңде COVID-19-ға оң нәтижемен 308 адам анықталды, оның ішінде 37 адам инфекциялық стационарға орналастырылды және 271 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Сонымен қатар, 987 шетелдік азаматқа COVID-19 ПТР тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты кіруге тыйым салынды.
Шет елден, Қазақстан Республикасында COVID-19 - ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ( ҚР азаматтары) - 3113 адам (2320 – жолаушы және 793-жүк тасымалдаушы) келді.