
Жаз мезгілі қоршаған ортада жіті ішек инфекциялары қоздырғыштарын сақтау және көбейту үшін қолайлы уақыт болып саналады, осыған байланысты жаз мезгілі болашақта балалардың денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, яғни ЖІИ және тағамнан уланудың көбейуімен сипатталады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қатер тұрғысынан балаларды сауықтыру объектілері, мектепке дейінгі ұйымдар, жабық үлгідегі балалар ұйымдары эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады.
Балалардың арасында ЖІИ және тағамнан уланудың алдын алу мақсатында балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- тамақ өнімдерін және азық- түлік шикізатын қабылдауды жүзеге асыру кезінде сапасын растайтын құжаттар болуы тиіс;
- тағамдарды сақтау ережелерін және тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық
мерзімім қадағалау;
- өнімді толық пайдаланғанға дейін өнімнің осы түрінің жарамдылық
мерзімін көрсете отырып, әрбір ыдыс орнының таңбалау белгісін сақтау;
- шикі және дайын өнімдерді бөлек өңдеуді, сақтауды бақылау;
- технологиялық картаға сәйкес дайын тағамдарға аспаздық өңдеуді
жүргізу;
- жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтау;
- қоғамдық тамақтану қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақтылы және толық өтуі, жұмысқа рұқсат қағазының болуы.
Ата-аналар өздері және балаларға ЖІИ қорғану үшін қарапайым ережелерді есте сақтауы қажет:
- су мен сүтті тек қайнаған түрінде ішу,
- көкөністер мен жемістерді ыстық сумен жуу,
- тамақ өнімдерін шыбындардан қорғау,
- азық-түлік сақтау ережелері мен мерзімдерін сақтау,
- тамақтанар алдында қолды міндетті түрде жуу,
- тырнақты тістемеу.
Аурудың алдан алудағы ең жақсы әрі қарапайым тәсіл - ол баланы үйрету, тәрбиелеу, дағдыландыру. Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі!