Батыс Қазақстан облысында вакцинациялау қарқынды жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында вакцинациялау қарқынды жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында 662 337 тұрғын өмір сүреді. Коронавирустық инфекцияның таралуын төмендету және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында тұрғындардың кемінде 60% вакцина салдыруы қажет. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 31,4%-і короновирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Облыс аумағында тұратын 18 жасқа дейінгі 360 000 азаматты COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтамассыз ету көзделген. Ақпан айынан бері вакцинаның 1-ші компонентімен 113 255, 2-ші компонентімен 68 970 азамат егілген. Соңғы уақытта облыста вакцина қабылдауға ниетті азаматтардың саны артты.
Өңірге жыл басынан бері Спутник V, Корона Вак, QazQovid-In, Hayat Vaх вакциналарының 1-компонентінен 188 000 доза, 2-ші компонентінен 132 050 доза жеткізілді.

Вакцинация – індеттің таралуын болдырмаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Осылайша, біз өзімізді ғана емес, жақындарымызды да қорғаймыз.