Түркістан облысында вакцинациялау қарқынды жүргізілуде

Түркістан облысында вакцинациялау қарқынды жүргізілуде

Түркістан облысында 2 млн. тұрғын өмір сүреді. Сонымен қатар, өңірге сырттан келген туристер саны артқан. Сондықтан облыс эпидемиологтары үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру маңызды болып отыр. Коронавирус пандемиясын жеңу мақсатында тұрғындардың кемінде 60% вакцина салдыру қажет. Жоспардағы 937 000 18 жасқа дейінгі азаматтарды COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтамассыз ету мақсаты тұр. Ақпан айынан бері вакцинаның 1-ші компонентімен 389 426, 2-ші компонентімен 219 695 азамат егілген. Республика бойынша Түркістан облысы вакцина салдырудан Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысынан кейінгі үшінші аймақ. Соңғы уақытта вакцина қабылдауға ниетті азаматтардың саны артты.
Облысқа жыл басынан бері Спутник V, Корона Вак, QazQovid-In, Hayat Vaх вакциналарының 1-компонентінен 413 100 доза, 2-ші компонентінен 363 100 доза жеткізілді.