ASHYQ қосымшасы індет тарату қаупі бар 622 ШҚО тұрғынын анықтады

ASHYQ қосымшасы індет тарату қаупі бар 622 ШҚО тұрғынын анықтады

«Ashyq» жобасы Шығыс Қазақстанда 26 сәуірден бастап іске қосылған.

Қазіргі уақытта соңғы мәліметтерге сәйкес облыс аумағында «ASHYQ» жобасына ресми түрде 720 кәсіпкерлік нысандары қатысуда.

Бизнес үшін аталмыш қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ASHYQ мобильді қосымшасы өзінің тиімділігін көрсетті. Жобаны енгізген уақыттан бастап «карантиндік» статусқа (520 «сары», 102 «қызыл» статус) ие бола тұра, қандай да бір нысандарға кіруге тырысқан 622 факті анықталды. Оқшаулануды бұзушылар арасында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, үй карантинінің шарттарын сақтау туралы қаулы берілді.

11 маусым мен 1 шілде аралығында үй карантинін бұзғаны үшін Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлғаға 15 АЕК немесе 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.