Алматы облысында атмосфералық ауаның сапасын зерттеудің қорытындылары белгілі болды

Алматы облысында атмосфералық ауаның сапасын зерттеудің қорытындылары белгілі болды

2021 жылдың қаңтар-маусымында Алматы облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары санитарлық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 1272 сынамасын зерттеді. Ауытқулар  27 сынамада (2,1%) анықталды.

Мұнымен қоса, ауыз судың сапасын зерттеуге бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу барысында да бірқатар олқылықтар анықталды. Осы жылдың 6 айында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 363 сынамасы зерттелді, оның ішінде 13 сынама (3,58%) гигиеналық нормативтерге, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеуге алынған 333 сынаманың 11-і нормативтерге (3,30%) сәйкес келген жоқ.