
17 маусымдағы жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағумен барлығы 2687 адам жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 858, яғни кене шағудан зардап шеккендердің 32%-ын құрап отыр.
2021 жылдың эпидемиялық маусымы басталғаннан бері Риддер, Өскемен қалаларының аумақтарында кене энцефалитінің 2 расталған жағдайы, Өскемен қаласында иксодты кене боррелиозының (Лайм ауруы) 2 жағдайы тіркелген.
Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 2417 адам алды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аумағы ), Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.
Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді жолы кененің қан соруға жол бермеуі болып табылатынын еске салады, ол үшін жеке қорғанудың қарапайым шараларын сақтау қажет: кенелердің киім астына кіруін шектейтін қорғаныш киімін кию, репелленттерді (үркітетін құралдарды) қолдану, 1-1,5 сағат сайын өзін және өзара тексеру жүргізу.