ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті рұқсат беру құжаттарының қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрықтарын шығарды

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті рұқсат беру құжаттарының қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрықтарын шығарды

Бор қышқылы адам денсаулығына қауіп тігізетіне қатысты келіп түскен ақпаратқа және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМҚ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мониторинг ғылыми практиқалық орталығы» филиалы «Бор қышқылы» дезинфекциалық құралына бұрын берілген ғылыми есептерін қайтарып алуға байланысты, Комитет 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 84-НҚ, № 85-НҚ, № 86-НҚ және 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 91-НҚ «Рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұру туралы» бұйрықтарына сәйкес, 3 ай мерзімге келесі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің тоқтата тұрылғаны туралы хабарлайды:

  1. Дайындаушысы: «ФП «Мелиген» ЖАҚ, 188676, Ленинград облысы, Всеволожский ауданы, Щеглово ауылы, 53-а үй, Ресей Федерациясы, «Бор қышқылы (тері антисептигі)» дезинфекциялық құралының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № KZ.16.01.98.002.Е.000221.04.18 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
  2. Дайындаушысы: «Рускерн» ЖШҚ, 107214, Мәскеу қ., Черницынский өткелі, 3-үй, 2-құрылыс, 1-үй-жай, 36-бөлме, Ресей Федерациясы, «Ұнтақ бор қышқылы» дезинфекциялық құралының (тері антисептигі) 2017 жылғы 3 тамыздағы №KZ.16.01.98.002.Е.000620.08.17 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
  3. Дайындаушысы: «ФЛОРА КАВКАЗА» ААҚ, 369260, Қарашай-Шеркес Республикасы, Урупский ауданы, Преградная станицасы, Подгорная көшесі, 62-а үй, Ресей Федерациясы. Нақты мекен-жайы: 369260, Қарашай-Шеркес Республикасы, Урупский ауданы, Преградная станицасы, Подгорная көшесі, 62-а үй, Ресей Федерациясы. 369200, Қарашай-Шеркес Республикасы, Карачаевск қ., Заводской тұйық көшесі, 2-үй, Ресей Федерациясы, «Бор қышқылы» дезинфекциялық құралының (тері антисептигі) 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №KZ.16.01.98.002.Е.001008.12.17 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
  4. Дайындаушысы: «Самарская фармацевтическая фабрика» ЖШҚ, Самара қаласы, Победа көшесі, 105, Ресей Федерациясы, «Бор қышқылы, ұңтақ» (тері антисептигі) дезинфекциялық құралының рұқсат беру құжаты - 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №KZ.16.01.99.002.Е.002682.09.13 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.