Қостанай облысында жыл басынан жіті ішек инфекцияларының 200-ден астам жағдайы тіркелді

Қостанай облысында жыл басынан жіті ішек инфекцияларының 200-ден астам  жағдайы тіркелді

Науқастардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша жіті ішек инфекцияларына қатысты Қостанай облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Осы уақыт аралығында өңірде 100 мың тұрғынға шаққанда аталмыш аурулармен сырқаттанушылық көрсеткіші 26,8-ді құрады.

2021 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында аймақта ішек инфекциялары ауруларының 233 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 16 жағдайға артқан.

Ауруларға шалдыққандардың 93,1%-ын  14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Бактериологиялық  тұрғыда барлық ЖІИ жағдайларының 39,9% - ы расталды. Сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші былтырғы деңгейде қалды, 131 ЖВГ жағдайы тіркелген.

Жыл басынан іш сүзегі және паратиф, бактериялық дизентерия, жіті вирустық гепатит аурулары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, облыста ротовирустық инфекциямен сырқаттану көрсеткіші төмендеп отыр.