Ақмолалық кәсіпкерлер вакцинациялау науқанына қосылды

Ақмолалық кәсіпкерлер вакцинациялау науқанына қосылды

Зерендінің аудандық ауруханасы «MILK PROJECT» компаниясымен бірлесіп, «COVID-19 қарсы егіліп, сүт өнімдерін сыйға ал» акциясын ұйымдастырды.

Зерендіде коронавирустық инфекцияға қарсы екпені аудандық ауруханада ғана емес, жылжымалы егу пунктінде де алуға болады.

Бұл пункт үш аймаққа бөлінген.

Бірінші аймақта вакцинациялауға ниет білдіргендердің сауалнамалары тіркеледі. Сондай-ақ, мұнда адамдар дәрігердің тексеруінен өтеді.

Екінші аймақта тұрғындарға екпе салынса, үшінші аймақта мамандар егілгендерді 30 минут бойы бақылауында ұстайды.

«COVID-19-ға қарсы егіліп, сүт өнімдерін сыйға ал» акциясын 45 зеренділік қолдады. Аталмыш акцияның шарты бойынша сыйлықтарды иммундаудың бірінші кезеңінен өткен барлық тұрғындар алады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының Зеренді ауданы халқының 43,3% КВИ-ға қарсы егілген.

Тұтастай алғанда, Ақмола облысы бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 86 204 адам егілсе, екпенің екінші компонентін 46 481 ақмолалық алды.