Карантин режимін сақтамағаны үшін қостанайлықтарға 33 млн-нан астам теңге айыппұл салынды

Карантин режимін сақтамағаны үшін қостанайлықтарға 33 млн-нан астам теңге айыппұл салынды

Қостанай облысында карантин талаптарының жеңілдетілгендігіне қарамастан мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда.

Жыл басынан Қостанай облысының мониторингтік топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені құрады. Оның 6 219 876 теңгесі 130 жеке тұлғаға жаппай іс-шаралар өткізгені, қоғамдық орындарда бетпердені кимегені үшін салынды.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды орындамаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертеді.