Шомылу маусымы: Алматы облысының демалыс орындарына келушілерді тазалықты сақтауға шақырады

Шомылу маусымы: Алматы облысының демалыс орындарына келушілерді тазалықты сақтауға шақырады

Бүгінгі таңда шешілмей жүрген мәселелердің қатарында демалушылардың демалыс аймақтарында тазалық сақтамауы, қарапайым гигиеналық және жеке бастың тазалығына мән бермеуі бар. Пайдаланылған ыдыстарды, қолданылған бұйымдарды арнайы қоқыс жинау жәшіктеріне тастамауының салдарынан өзендердің жағалауы қоқысқа толып, ауасы ластанып, соның кесірінен адам су арқылы таралатын инфекциялық және паразитарлық ауруларға шалдығу қауіпі артады.  

Алматы облысында демалыс аймақтары Алакөл, Сарқан ауданындағы Алакөл, Балқаш өзендері және Қапшағай су қоймасында орналасқан. Одан басқа елді мекендердегі үлкенді – кішілі 56 су айдындарының жағалауларында халық көп шоғырланып демалуды ұнатады.  Аумақтық басқармалардың бақылауында халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алған Алакөл көлінің бойындағы – 62, Балқаш көлінің бойындағы – 10,  Қапшағай су қоймасының бойында – 48, Еңбекшіқазақ ауданында – 5, Талдықорған қаласында және Балқаш ауданында 1 демалыс орындары бар. Ал басқа демалыс орындарының жеке кәсіпкерлері де халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжатты алуы қажет. Рұқсат құжатынсыз қызметті жүргізген кәсіпкерлер әкімшілік жазаға тартылады.

Жылда шомылу маусымының алдында су айдындарындағы судың, жағалау топырағының қауіпсіздігіне және сапасына зертханалық бақылау жүргізіледі. Ағымды жылы химиялық, микробиологиялық және паразитарлық  көрсеткіштерге барлығы 54 су және 10 топырақ сынамалары алынды. Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша зерттелген су және топырақ үлгілері санитариялық қағидалардың талаптарына сай келді.

Шомылу маусымы аяқталғанға дейін демалыс аймағындағы су көздері санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық мамандарының бақылауында болады.

Әр демалушы тазалық сақтап, өз жеке басын қоғамдық орындарда қатаң бақылағаны жөн.