
«Ashyq» жобасы Алматы облысының бар аумағында 26 сәуірден бастап жұмыс істеуде.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «жасыл» аймақта, ал Талдықорған қаласы «сары аймақта» орналасқан.
Алайда 450 нысан «Ashyq» жобасының арқасында кәсіпкерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бірқатар артықшылықтармен жұмыс істеуде. Одан бөлек, жобада кәсіпкерліктің барлық салалары қамтылған. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жоба қатысушыларына күнделікті түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.
Қазіргі таңда «Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін 450 нысанның 380 - і жоба қатысушылары болса, 70-і тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.
Бағдарлама енгізілген сәттен бастап өңірде «сары» статусы бар 53 адам және «қызыл» статусы бар 37 адам анықталды.
Жобаның тиімділігі туралы Талдықорған қаласының кәсіпкерлері де айтуда.
«Біздің кинотеатр өткен жылдан бастап енгізілген шектеу шараларына байланысты өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Бірақ, «Ashyq» жобасына қатысудың арқасында біз қонақтарымыз үшін өз есігімізді тағы да аштық. Қызметкерлеріміз де өз жұмыс орындарына қайта шықты. Қосымшаның өзі ыңғайлы, күрделі ештеңесі жоқ, кірген кезде тіркеліп, QR кодты сканерлеп, Сovid - статусын біліп, сүйікті фильміңізді көру үшін залға өтуіңізге болады. Біз әдеттегі өмір ағынына енді оралудамыз, ал адамдар жоба туралы енді біліп жатыр. Болашақта қарқынымыз күшейеді деген үміттеміз», - деді Kinoplex кинотеатрының әкімшілігінде.