115 мыңнан астам қостанайлық COVID-19-ға қарсы екпені салдырды

115 мыңнан астам қостанайлық COVID-19-ға қарсы екпені салдырды

Қостанай облысында вакцина қабылдаған азаматтардың басым көпшілігі ресейлік «Спутник V» препаратымен егілуді жөн көрген.

26 мамырдағы жағдай бойынша Қостанай облысында 115 505 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ресейлік «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен аймақтың 74 000 тұрғыны егілді. Бұл препараттың екінші компонентін 32 795 адам алды. QazVac отандық вакцинасының бірінші компонентін 1 000 қостанайлық, екінші компонентін 700 адам алды. Hayat-Vax вакцинасының алғашқы компонентін 7010 адам салдырды.

Қостанай облысының ауылдық жерлерінде вакцинацияланған тұрғындар саны 37 272 адамды немесе коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғандардың жалпы санының 45,4% - ын құрайды.

Айта кетейік, облысқа жеткізілген вакцина өңірдің қалалары мен аудандарына бөлінген. Препараттар тиісті орындарға  авторефрижератормен жеткізіледі.  

Бұған дейін облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары өңірдің барлық аудандары мен қалаларында  емдеу-профилактикалық ұйымдарының иммундау жүргізуге дайындығына жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Бүгінге дейін бұзушылықтар анықталмаған.