
«Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандарының саны Түркістан облысында күн сайын артуда. «Атамекен» ҰКП облыстық филиалына аталмыш мәселе бойынша үш жүзден астам кәсіпкерден өтінім түскен.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін 203 кәсіпкерлік нысаны бар. Бағдарламамен жұмыс істейтін нысандардың басым бөлігі облыс орталығында орналасқан. Түркістан қаласында «Ashyq» бағдарламасы 41 нысанда пайдаланылады.
ҚР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22-мамырдағы Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы Қаулысына сәйкес, өңірде бағдарламаны қолданатын қоғамдық тамақтану орындарының саны 157-ге дейін артқан. Бағдарлама бойынша сондай-ақ, 16 монша, 8 компьютерлік клуб, 3 спорттық нысан және басқа ұйымдар жұмыс істеуде.
Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ashyq» бағдарламасы өңірдің кинотеатрлары мен қонақ үйлерінде қолданылады.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалына кәсіпкерлерден 351 өтінім келіп түскен.