COVID-19 инфекциясының таралуына тосқауыл қою: Жамбыл облысында «Ағын 2021» жаттығулары өтті

COVID-19 инфекциясының таралуына тосқауыл қою: Жамбыл облысында «Ағын 2021» жаттығулары өтті

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері босқындардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуі  жағдайында оларды қабылдау және орналастыру бағытында ұйымдастырылған «Ағын 2021» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Бүгін, 21 мамырда Жамбыл облысының аумағында босқындардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуі  жағдайында оларды қабылдау және орналастыру бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.

Шара мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы еліміздің аумағына 2005 жылғы 23 мамырдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 58-сессиясында қабылданған Халықаралық денсаулық сақтау ережелерінде көрсетілген бірінші және екінші топтағы жұқпалы аурулардың енуіне жол бермеу. Аталмыш аурулардың қатарында жабайы полиовирус тудырған аусыл, полиомиелит, жаңа подтиппен туындаған адам тұмауы, ауыр өткір респираторлық синдром (ЖРВИ), тырысқақ, пневмониялық оба, сары безгек, геморрагиялық қызба, Ласса безгегі, Марбург, Эбола, Батыс Ніл безгегі, Денге безгегі, Рифт алқабының безгегі, менингококк ауруы бар.

Шараның басты міндеті – COVID-19 инфекциясының таралуына тосқауыл қою.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында, эпидемиолог мамандар бекеттен  өткен әр адамның қызуын өлшеді, сыртқы сипаттарға баға бере отырып, инфекцияны жұқтырды деген күдікке ілінген адамдарды анықтау мақсатында оларды іріктеді. Аса қауіпті инфекцияның белгілері білінген жағдайда, мамандар науқасты дер кезінде оқшаулау шараларын ұйымдастырды. Оқу-жаттығу соңында науқас тіркелген орын залалсыздандырылды.