Қазақстан Республикасындағы кәсіптік сырқаттанушылықтың (уланудың) жай-күйі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік сырқаттанушылықтың (уланудың) жай-күйі туралы ақпарат

2020 жылы Қазақстан Республикасында кәсіптік аурулар мен уланулардың (бұдан әрі - КА) 399 жағдайы тіркелді, оның ішінде кәсіптік аурулар 393 жағдай және кәсіптік улану 6 жағдай. Айта кету керек, 2019 жылмен салыстырғанда есепті жылы КА саны 77 жағдайға және уланулар 51 жағдайға азайды.

КА республиканың 6 өңірінде тіркелді: Қарағанды облысында ˗ 240 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында – 150 жағдай, Жамбыл облысында – 6 жағдай, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 жағдайдан.

КА жағдайларының ең көп саны түсті металлургия кәсіпорындарында (292 жағдай), көмір өнеркәсібінде (94 жағдай), химия өнеркәсібінде (7 жағдай), коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындарда (3 жағдай), шағын кәсіпорындар жұмысшыларында (2 жағдай), сондай-ақ энергетика кәсіпорнында 1 жағдай тіркелді.

10000 жұмысшыға шаққандағы КА көрсеткіші 6,9 құрады. Республикалық орташа көрсеткіштен жоғары Қарағанды (34,8) және Шығыс Қазақстан (21,8) облыстарында байқалады.

КА жалпы санынан жіті КА уланудың 6 жағдайын құраса (2019ж. – 57 жағ.), созылмалы аурулары - 393 жағдайды құрайды (2019ж. – 480 жағ.).

Ағымның ауырлығы бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылуымен кәсіптік патологияның 398 жағдайы тіркелсе (2019ж. – 481жағ.), еңбек ету қабілетін жоғалтпай –1 жағдай тіркелді (2019ж. – 4жағ.).

Кәсіби патологияның нозологиялық нысандарының таралуын талдау (уланусыз) кезінде 141 жағдайдың үштен бірінен көбі (35,9%) бел-сегізкөз радикулиті, силикоз - 81 жағдай (20,7%), діріл ауруы – 46 жағдай (11,7%), кохлеарлы неврит – 35 жағдай (8,9%), шаң бронхиті – 32 жағдай (8,1%), радикулит – 32 жағдай (8,1%), антракосиликоз – 6 жағдай (1,5%), фосфордың уытты әсері – 6 жағдай (1,5%), остеоартроз – 4 жағдай (1,0%), энцефалопатия – 4 жағдай (1,0%), вегетополиневрит – 3 жағдай (0,8%) және пневмокониоз - 3 жағдай (0,8%) айқындалды.

98,0% жағдайда 6 және одан жоғары жұмыс өтілі бар қызметкерлер ауырып қалды. КА ең көп үлес салмағы осы кәсіпте 20 жылдан астам еңбек өтілі бар жұмысшыларға тиесілі.

Кәсіптік патологиядан зардап шеккен өнеркәсіп саласы қызметкерлерінің жынысына байланысты 2020 жылы ерлердің үлес салмағы 99,3%  немесе 396 адамды және әйелдердің үлес салмағы 0,7% немесе 3 адамды құрайды.

Жас құрамы бойынша кәсіби патологиядан зардап шеккен жағдайлардың ең көп саны 41-50 жас аралығында - 155 жағдай немесе 38,85% тіркелсе, 50 жастан жоғары – 146 жағдай немесе 36,59%, 31-40 жас аралығында – 96 жағдай немесе 24,06% және 21-30 жас аралығында – 2 жағдай немесе 0,5% тіркелген.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері КА жағдайларын тексеру кезінде 247 санитариялық нұсқама және 152 ұсыным берді.