Құтырма ауруы туралы

Құтырма ауруы туралы

Құтырма - Қарағанды облысының тұрғындары үшін орталық жүйке жүйесіне әсер ететін және жоғары өлім-жітіммен сипатталатын вирус тудыратын ұмытылған жұқпалы ауру.
Соңғы 10 жылда халық арасында құтырма ауруы 2007 жылы - 1 жағдай, 2009 жылы – 2 жағдай, 2015 жылы – 1 жағдай тіркелді. Барлық жағдайлар өліммен аяқталды.
Құтырма ауруына адамдар да, жабайы және ауыл шаруашылық жануарлары да сезімтал. Үй жануарларының ішінде ірі және ұсақ мал, жылқы, шошқа, ит, мысық құтыру ауруына шалдығады, жабайы жануарлардың ішінде - түлкі, қасқыр, басқа да жабайы жыртқыш және шөптесін жануарлар бар. Құстар мен кеміргіштер құтырма ауруына шалдығуы мүмкін.
Құтырма ауруының қоздырғышы - вирустар.
Ауру жануардан адамға инфекция тістеу, тырналу және жараны сілекейлеу, тері қабаттарын зақымдау арқылы беріледі. Ауру жануардың сілекейімен бірге аурудың қоздырғышы да енеді. Енгізілгеннен кейін зақымдалған немесе шырышты қабық арқылы құтыру вирусы жүйке бағаналарына таралып, миға жетеді.
Құтырма өлімге әкелетін ауру, бірақ оның алдын алуға болады. Сол құтырма ауруының алдын қалай алуға болады?
Тістеген кезде жараны сабынды сумен жуып, йод тұнбаларымен жағып, дереу медициналық мекемеге хабарласу ұсынылады.
Аурудың дамуын болжамды инфекциядан кейін дереу жасалатын  профилактикалық егулер арқылы болдырмауға болады (тістеу, тырналу, сілекейлеу). Профилактикалық егу курсын білікті дәрігер анықтайды және тағайындайды. Егудің толық курсын алған кезде ғана, егу тиімді (үш ай ішінде 6 егу) болуы мүмкін. Тағайындалған егулерден бас тартуға және өз еркімен егу курсын тоқтатуға болмайды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша және 2021 жылдың бірінші тоқсанында жануарлардың шағуынан зардап шеккендердің өтініштері тиісінше 13,3% - ға және 11,3% - ға төмендегені байқалды.
Жүргізілген көп жылдық талдау қала тұрғындары бойынша өтініштердің пайызы 81,4% - дан 82,5% - ға дейін құрағанын көрсетті. Ерлер үлесіне 58,3% - дан 61,1% - ға дейін, әйелдер үлесіне 38,9% - дан 41,6% - ға дейін келеді. Шағуды оқшаулау бойынша ең көп пайызы төменгі аяқтың шағуына (40,0% - 42%,), қолдың білек тұсына (22,1 % - 25 %), шынтақтан иыққы дейінгі аралыққа (12,5% -13,0%) келеді.
Алынған жарақаттардың басым көпшілігі иттермен 76,3% - дан 77,8% - ға дейін, мысықтардан 21,1% - дан 21,8% - ға дейін, түлкілер, қарсақтар 0,1% - дан 0,2% - ға дейін, жылқылар 0,2% - дан 0,3% - ға дейін, ІҚМ 0,3% - дан 0,5% - ға дейін және өзгелерден 1,3% - дан 1,6% - ға дейін жарақат алған.
Соңғы жылдары облыс бойынша үй, ауыл шаруашылығы жануарлары арасында құтырудың қолайсыз эпизоотологиялық жағдайын тіркеу жиілеп кетті және байланыс кезінде үй жануарларына берілетін жабайы жануарлар арасында құтырма ошағының қалыптасуымен құтырма бойынша күрделі эпизоотиялық жағдай сақталуда. Мысалы, Қаражал қаласының Шалғия кентінің аумағында 2017 жылғы қазан-қарашадан бастап елді мекен аумағына кешкі және түнгі уақытта жабайы түлкілер мен қояндардың ену жағдайлары орын алды. Құтырма белгілерімен өлген жануарлардың (иттер, ІҚМ, түйелер) арасында 1 түлкі, 1 бас ІҚМ құтырма жағдайлары зертханалық расталды.
Зертханалық расталған жағдайлар 2018 жылы Ақтоғай және Нұра аудандарында – ІҚМ арасында 1 жағдай, Шет ауданында - ІҚМ арасында 2 жағдай тіркелді; 2019 жылы: Ақтоғай ауданында – ІҚМ арасында 1 жағдай, 2020 жылы: Қарқаралы ауданында – ІҚМ 6 жағдайы.
2021 жылдың 4 айында Балқаш, Жезқазған және Приозерск қалаларында, сондай-ақ Қарқаралы ауданында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында құтырманың зертханалық расталған 4 жағдайы тіркелді.
Облыста құтырма бойынша қалыптасқан эпизоотологиялық жағдай халық арасында да құтырма жағдайларының тіркелу қаупі болып табылады. Сондықтан, жануарлардың кез-келген тістеуі кезінде білікті антирабиялық көмекті уақтылы алу үшін медициналық мекемеге жүгіну керек. Нақты емнің болмауы қайтымсыз нәтижеге әкелуі әбден мүмкін.
Есіңізде болсын, сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда.