Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу туралы

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі мен таралуының себебі өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамау, науқастар мен байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға баруы болып табылады.

Әуе айлағының жолаушылар ағынының жоғары деңгейі авиакомпаниялар мен халықаралық әуежайлар басшыларынан тасымалдау бойынша қызметтердің қауіпсіз көрсетілуін қамтамасыз ету үшін ерекше алдын алу шараларын енгізуді талап етеді.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 20 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру ағымдағы жылғы 12 мамырдан басталады және бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі.

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі мен таралуының себебі өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамау, қоғамдық орындарға, науқастарға және байланыста болған адамдарға бару болып табылады.

Алгоритмнің талаптарына сәйкес Нұр – Сұлтан қаласы әуежайының ғимаратына рұқсаттама жолаушы арнайы QR-кодты сканерлеген және жолаушы мәртебесін анықтау үшін әуежай қызметкеріне кіреберісте ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.

Жолаушыларға мәртебе «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерімен салыстыру негізінде беріледі.

Мәртебелерді таратып жазу келесідей:

* "Жасыл" – жолаушы деректер базасында 72 сағаттан аспайтын мерзімге covid-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде белгіленген, бұл толық қозғалыс еркіндігінің белгісі.

* «Көк» -ПТР − тестілеу нәтижелері жоқ, байланыста болған ретінде саналмайды, ПТР-тест міндетті орындардан басқа барлық жерде еркін қозғалуды білдіреді.

* «Сары» байланыстағы тұлғаларға беріледі. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.

* Егер жолаушы коронавирусқа ПТР тест тапсырып, оң нәтиже алса, «Қызыл» мәртебе беріледі. Бұл мәртебенің иелеріне үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау тапсырылды.

«Ashyq» жобасының мақсаты - қызыл және сары мәртебесі бар жолаушыларға рұқсат бермеу арқылы әуежайда және әуе кемесінің бортында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жолаушыда смартфон болмаған жағдайда әуежай қызметкері ақпараттық жүйеде ЖСН (оның келісімімен) бойынша жолаушының мәртебесін тексереді.

Шетел азаматтарының мәртебесі паспорт нөмірін енгізу арқылы тексеріледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында «Ashyq» пилотын сәтті енгізген жағдайда шығарып салушылар мен күтіп алушыларды  жібермеу бойынша шектеулер алынып тасталады.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті