Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасуда

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасуда

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасуда.

2021 жылғы 01 қаңтар мен 05 мамыр аралығында жұмысшы топпен 76 995 рейд жүргізіліп, 481 280 нысан тексерумен қамтылды. Нәтижесінде 14 198 (2,9%) бұзушылық анықталды.

Карантин талаптарын бұзушылықтардың басым көпшілігі келесі өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 538), Түркістан(2 198), Алматы (1 996), Шымкент (1 596) және Алматы облысы (955).
⠀
​Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.
​Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік бақылау топтарымен келесі шаралар қабылданды: 2 502 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 2 292 нұсқама берілді, 268 материал сотқа жолданды, 70 объектінің қызметі тоқтатылды. Нәтижесінде 8 147 кәсіпкерлік нысан мен 6 371 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,114 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Айта кету керек, азаматтардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда бетперделік режимді бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.