
Павлодар облысында Мемлекеттік шекараның 4 автомобильді өткізу бекетінде адамдардың жүріп-тұруына бақылау жалғасуда.
Өткен тәулікте шекарадан 634 азамат өтті, олардың 292 жаяу, 342 жүргізушілер, 13 адам ПТР зерттеуі үшін карантиндік стационарға орналастырылды.
Автоөткелдерде COVID-19 дың расталған жағдайлары анықталған жоқ. Осы тәулік ішінде 30 азаматқа Қазақстанға кіруге тыйым салынды, оларда шекарадан өту кезінде теріс нәтижесі бар ПТР анықтама болмаған. Олардың біреуі ПТР тексерісінен өтуден бас тартқан қазақстандық, тоғызы - Қырғызстаның, тоғызы - Ресей Федерациясының, сегізі - Өзбекстанның, екеуі - Тәжікстанның және біреуі – Грузия елінің азаматы.
Шектеу қойылғаннан бері облысқа 97 372 адам келді, оның 59 562 халықаралық тасымалды жүзеге асыратын жүргізушілер және 37 810 жолаушы. Карантиндік стационарларға ПТР зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2 920 азаматы орналастырылды. Жалпы саны 27 715 ПТР зерттеу жүргізілді, симптомсыз коронавирустық инфекцияның 185 енгізілген жағдайы анықталды.
Осы кезең аралығында 1 206 резидент еместерге (теріс нәтижесі бар тиісті анықтамасыз) елге кіруге тыйым салынды.