Крафт тағамдары - сән ағымы

Крафт тағамдары - сән ағымы

Крафт немесе хендмейд (қолдан жасалған) тағамдар өндірісі қазіргі кезде сәнді болып есептелінеді, сонымен қатар біздің нарықтада аса танымалдылыққа ие.

Крафт өнімдері, әдетте, қолдан жасалынады, олар эксклюзивті, оған адам өзінің жаны мен шеберлігін қосып жасайды, ережеге сай мұндай өнімдер мүмкіндігінше аз-аздан жеке рецепттер мен эскиздер бойынша шығарылады, табиғи және экологиялық жағынан таза өнімдер. Олар ежелгі отбасылық немесе дәстүрлі рецепттер бойынша өз ас үйінде, сирек жағдайда шағын (отбасылық) кәсіпорындар немесе шеберханаларда, көбінесе қолмен және тапсырыс бойынша жасайды. Бұл өнімді кейбіреулер тек көрмелерде, жәрмеңкелерде, фермерлер базарларында ұсынады, ал кейбіреулері крафт өндірісіне адал бола тұрып, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын ашып, жұмыстарын жалғастырады.

Бүгінгі күні мұндай кәсіпорындар елордада және интернет кеңістігінде көбірек байқалады, біртіндеп «қоғамдық тамақтану» және жаппай шығарылатын тауарларға қарағанда сапасы бойынша қолдан жасалған тауарлар мен жайлы кофейналар әлдеқайда жақсы, әрі қызықты болып табылады.

Өндірушілердің айтуы бойынша, крафт өнімдерін дайындауда тек жоғары сапалы, таңдаулы материалдар мен табиғи ингредиенттер қолданылады. Сондықтан крафт бұйымдарының бағасы кәдімгі зауытта кәсіпорындармен көп мөлшерде шығарылған өнімдерден бірнеше есе жоғары.

Олар қазіргі кездегі - шағын наубайханалар, ірімшік қайнататын орындар, сыра дайындау зауыттары, ет зауыттары, сондай-ақ торттар мен бәліштер дайындайтын кондитерлер, ешкі немесе сиыр сүтінен жасалған таңдаулы дәмді сүт өнімдерін, мысалы: (розмарин мен тимьян қосылған пештен шыққан үлпілдек хош иісті бөлке нан; халапеньо қосылған ірімшік; лаванда немесе розмарин иісі бар шоколад, жалбыз сырасы, т.б. өнімдер) сатушылар.

Крафт өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін үйреншікті зауыт өнімдерінен ажырату үшін, оларды неғұрлым сапалы ету үшін, әдетте өндіріс процесінде рецептілерді үнемі әр түрлі дәрежеде өзгертеді және жетілдіреді, яғни түрлі тәжірибе жасайды. Көбінесе мұндай өнімді өндірушілер таңбалауда өнімнің құрамы мен өндіруші туралы ақпаратты көрсетпейді.

Сондай-ақ, крафт өнімдерінде, көбінесе сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар - сәйкестік туралы декларациялар немесе сәйкестік сертификаттары болмайды.

Ұлттық заңнамаға және Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес құжаттары жоқ өнімдер халыққа сату үшін айналымға жіберілмеуі керек.

Крафт өндірісінің тамақ немесе азық-түлік емес өнімдерін таңдау кезінде тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттың болуына көз жеткізу, таңбалауға (егер бар болса) назар аударыңыз керек.

Еуразиялық экономикалық немесе Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес заттаңбада таңбалау өнім туралы, өндіруші туралы, диеталық қажеттіліктері бар адамдар үшін кейбір айрықша белгілері немесе пайдаланудағы шектеулер және т.б. туралы толық ақпарат болуы керек.

Департамент тұтынушыларды, үйде немесе басқа белгісіз жерлерде жасалған өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін сәйкестік құжаты жоқ, белгісіз құрамы бар «сәнді крафт» өнімін таңдағанда, ұқыпты болуға шақырады.

Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда!