Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) базасында «ДДҰ ұсынымдары негізінде тұрғын үй-жайлардағы ауаны және атмосфералық ауаны зерттеу» тақырыбында семинар (бұдан әрі - семинар) өткізілді. Аталған семинар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-мен және Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-мен (бұдан әрі - Орталық) бірлесіп өткізілді.
Семинар барысында ауаны гигиеналық нормалау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселелері, атмосфералық ауа мен тұрғын үй-жайлардағы ауа сынамаларын іріктеудің негізгі әдістері талқыланды.
Семинарға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мен Орталықтың филиалдарының мамандары қатысты.
Семинардың екінші бөлімінде проблемалық мәселелер талқыланды және қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар әзірленді.