Оқу жылының III тоқсанында 11 қаңтар мен 1 сәуір аралығында 5213 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 575 мектепте карантин талаптарын бұзушылық анықталды, бұл еліміз бойынша 11,0% құрайды.
Мектептердегі карантин режимі талаптарының негізгі бұзушылықтары ретінде келесі факторларды атап өтуге болады:
Көп жағдайда оқушыларға таңертеңгілік тексеру-сүзгі жүргізілмеген, оқу орындары қызметкерлері бетперделік режим тәртібін сақтамаған. Бұдан бөлек, бірқатар мектептерде арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ мониторингтік топтар бактерицидтік шамдардың, санитайзерлер мен залалсыздандыру құралдарының, пайдаланылған маскаларға арналған сыйымдылықтардың жеткіліксіздігін анықтады.
Ағымдағы жылғы 16-22 сәуір аралығында мониторингтік топтар мектептерге 439 тексеру жүргізді. Карантин талаптарын бұзушылық 80 мектепте анықталды, яғни 18,2%-і карантин режимі тәртібін бұза отырып жұмыс жасаған.
Бұзушылықтар бойынша жоғары көрсеткішер келесі аймақтарда орын алды:
Анықталған барлық карантиндік, санитариялық-гигиеналық талаптарды бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 99 тұлғаға жалпы көлемі 17 784 764 теңге әкімшілік айыппұл салынды.