Алматы қаласында кенелерге қарсы өндеу жұмыстарының 1 кезеңінің басталғаны туралы

Алматы қаласында кенелерге қарсы өндеу жұмыстарының 1 кезеңінің басталғаны туралы

Алматы қаласының аумағында жыл сайын өткізілетін кенеге қарсы өңдеудің 1 кезеңі 12 сәуірден бастау алды. Жалпы ауданы 2402,54 га 9 орман паркі және 136 қалалық саябақтар, скверлер қамтылады. Өңдеу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 12 сәуірінен 4 мамырға дейін ауа райы жағдайларын ескере отырып (құрғақ, жаңбырлы емес ауа райында) жүргізілетін болады.  Кене инцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі жоғары болуы үшін өңдеу жұмысы 2 кезеңде (2-ші кезең - мамыр, маусым айларында) жүргізіледі.

Дезинсекциялық іс-шараларды "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді.

Құрылған дезбригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

Кенеге қарсы ем жүргізу үшін "Циперметрин" инсектицид-акарицидті препараты пайдаланылады. Препарат аз уытты және қауіпті болып табылады. (4-сынып). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін толығымен қауіпсіз.

Өңдеу жұмыстары таңертең жүргізіледі. Өңдеуге жататын учаскілердің шекараларында "Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде!" деген ескерту хабарламасы бар тақтай орнатылады.

Қала тұрғындары келесі сақтық шараларын сақтауы керек:

  • акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;   
  • жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;
  • өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды («Циперметрин» препартының қолдану нұсқаулығына сәйкес).

Алматы аумағы және Алматы облысының іргелес аумақтары кене энцефалитінің тасымалдаушысы болып табылатын иксод кенелері таралған эндемиялық аймақтар болып табылады.

Денеде шаққан кенені байқаған жағдайда, барынша ертерек (кене шаққан уақыттан 4 күннен кешікпей) серопрофилактикалық бөлімшелерге көмекке жүгіну қажет, онда білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммноглобулин енгізіледі. Алматы қаласында кене шаққаннан зардап шеккендерге серопрофилактикалық көмек төмендегі медициналық мекеменің травматологиялық бөлімшелерінде жүргізіледі:

  • №4 қалалық клкиналық аурухана (Папанин көшесі, 220, тел. 3003701) – қаланың ересек тұрғындары үшін;
  • №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, 20, тел. 2708631, ішкі тел. 138) – қаланың ересек тұрғындары үшін;
  • Медициналық жедел жәрдем көрсететін балалар орталығы (Манас көшесі, 40, тел. 2748319) –14 жасқа дейінгі балалар үшін.