26 сәуір – Бүкіл әлемдік безгекпен күрес күні!

26 сәуір – Бүкіл әлемдік безгекпен күрес күні!

Алматы облысында  2021 жылдың 26 сәуірінде «Бүкіл әлемдік безгекпен күрес күнін өткізіледі. 2007ж.  мамыр айында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Ассамблеясының 60-ы сессиясында «Безгекке қарсы күрес күні» - деп,  қабылданған.

Безгек ауруы  100 –ден астам елдің  денсаулық сақтау ұйымдарының  әлеуметтік  мәселесі. Жыл сайын 500 мың адам безгек ауруымен сырқаттануда, миллионнан астам балалар қайғылы жағдайға ұшырауда. Безгек ауруының ең ауыр және қауіпті түрі  тропикалық, бұл экваторлық Африка, Оңтүстік - Шығыс Азия, сонымен бірге малярия Орталық Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Европа  елдерінің халқын зақымдауда.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 2012ж. 20 наурызында Қазақстан Республикасына безгектен бос ел статусының сертификаты берілді.

Безгек - бұл паразиттік, трансмиссивті (қан арқылы енеді) ауру, плазмодиум (Plasmodium) қарапайымдылары жұқтырған анофелес тұқымының масаларының шағуы арқылы беріледі. Ауру қызба және басқа да  симптомдармен көрінісін береді; оның барысы прогрессивті, созылмалы, жиі қайталанумен өтеді. Инфекцияның берілуі екі жолмен жүруі мүмкін: Anopheles тұқымының масасының шағуы арқылы немесе тікелей адамнан адамға. Безгектің қоздырғышын тасымалдайтын масалар біздің еліміздің батпақты және орманды аймақтарындағы масалардан ерекшеленеді. Олар негізінен ыстық елдерде, көбінесе африкалық елдерде тұрады. Адамнан адамға берілу жолы әлдеқайда аз, және бұған ең көп таралған мысал-безгекпен ауыратын жүкті әйелдің әлі туылмаған сәбиін жұқтыруы. Масалардың қатысуынсыз инфекцияның басқа нұсқалары өте сирек кездеседі.

Алматы облысында безгек ауруының жергілікті жағдайлары тіркелмеуде, бірақта безгектен эндемиялық елдерден безгек ауруының әкелінген жағдайларын алдын алу мақсатында  төменде көрсетілген ұсынысты еске сақтау қажет.

Безгекке қарсы препараттарды қабылдап, масалардан қорғану арқылы безгек ауруын алдын алуға болады.

Безгек ауруынан эндемиялық елдерге баруды жоспарлаған адамдарға  кепілдеме.

  1. Дәрігер қажеттілігі бойынша тропикалық елдерге баратын адамдарға химиопрофилактикалық ем тағайындайды.
  2. Масалардан репеленттер, крем, эмульсия аэрозоль түріндегі заттармен қорғану және де масаларды жоятын инсектицидтік препараттарды қолдану.