Қызылордада 6 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды

Қызылордада 6 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды

Қызылорда облысында 6 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасы аясында жұмыс жасау үшін QR кодтарын алып, тесттік режимде қызметтерін бастады. Олар   компьютерлік клуб-3, кинотеатр-1, балалар бассейні-1 және боулинг орталығы-1.

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 Қаулысына сәйкес бассейндер мен кинотеатрлар уақыт және сыйымдылыққа қатысты шектеумен жұмыс жасауда. Ал боулинг және компьютерлік клубтарға «Ashyq» жобасына қосылған кәсіпкерлік субъектілеріне ғана рұқсат етілген.

Аймақ кәсіпкерлерінің жобаға деген қызығушылығы жоғары. «Ashyq» мобильді қосымшасы бұл қауіпсіз орта құруға, вирусты жұқтыру және таралу қаупін төмендетуге бағытталған, сондай-ақ бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Себебі карантин режимінде де жұмыстарының тоқтамағанын қалайды. «Ashyq» жобасының негізгі мақсаты да осы – кәсіпкерлерге кедергісіз жұмыс жасауға мүмкіндік беру.