
Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан өнімдердің қауіпсіздігін анықтау мақсатында жоспарға сәйкес мониторинг жүргізілді.
2021 жылдың алғашқы тоқсанында техникалық регламент талаптарына сәйкестігін тексеру үшін 777 өнімнің сынамасы (отандық өнімдер – 123, ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімдері – 509, басқа мемлекеттердің өнімдері – 145) зертханалық тексеруге жіберілді. Нәтижесінде 10 сынаманың техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Тауарлардан микробиологиялық, таңбалану көрсеткіштеріне қатысты кемшіліктер анықталған. Мәселен, құс еті және құс етінен жасалған өнімдерде 4- микробиологиялық көрсеткіш, 1- таңбалау көрсеткіші бойынша, май өнімдерінде 1-таңбалау көрсеткіші бойынша, сүт және сүт өнімдері 2- микробиологиялық көрсеткіш сондай-ақ, балалар ойыншығынан 4-таңбалау көрсеткіші бойынша Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 5 кәсіпкерге ұйғарым беріліп, құны 4200 теңгені құрайтын 3 л май өнімдері сауда сөрелерінен алынып тасталды.