Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 20 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 20 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2696 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 294 946 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 47600 (+667),

- Нұр-Сұлтан қаласында - 40640 (+471),

- Шығыс Қазақстан облысында - 24036 (+83),

- Қарағанды облысында - 21174 (+218),

- Атырау облысында - 20906 (+114),

- Павлодар облысында - 19936 (+47),

- Алматы облысында - 19121 (+281),

- Батыс Қазақстан облысында – 17738 (+231),

- Ақмола облысында – 17053 (+92),

- Қостанай облысында - 14458 (+32),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 13670 (+29),

- Шымкент қаласында - 8424 (+80),

- Ақтөбе облысында - 7936 (+125),

- Жамбыл облысында - 7198 (+58),

- Маңғыстау облысында - 5136 (+65),

- Түркістан облысында - 5030 (+56),

- Қызылорда облысында - 4890 (+47).

 

Қазақстанда 2418 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 455,
Алматы қаласында - 680,
Шымкент қаласында - 26,
Ақмола облысында - 93,
Ақтөбе облысында - 142,
Алматы облысында - 223,
Атырау облысында - 102,
Шығыс Қазақстан облысында - 63,
Батыс Қазақстан облысында - 150,
Қарағанды облысында - 153,
Қостанай облысында - 132,
Қызылорда облысында - 44,
Маңғыстау облысында - 52,
Павлодар облысында - 55,
Солтүстік Қазақстан облысында - 32,
Түркістан облысында - 16.

Елімізде барлығы 252 598 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 21 сәуірдегі ақпарат

21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 318 адам коронавирус инфекциясынан (38 889 КВИ+ және 429 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 19 сәуірдегі мәлімет бойынша 135 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 66 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 52 025, өлім жағдайлары - 757, барлығы 50 839 адам сауығып шықты.