Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Тәуекелдерді бағалау негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (GHP, GMP, HACCP). Алиментариус Кодексінің стандарттары» тақырыбындағы онлайн-оқыту өткізді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Тәуекелдерді бағалау негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (GHP, GMP, HACCP). Алиментариус Кодексінің стандарттары» тақырыбындағы онлайн-оқыту өткізді

2021 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тәуекелдерді бағалау (GHP, GMP, HACCP) және Алиментариус Кодексінің стандарттары негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік оқыту тренингтерінің циклін бастады.

2021 жылы 4 өңірде: Қызылорда облысында (7-9 сәуір), Нұр-Сұлтан қаласында (мамыр), Атырау (шілде) және Қарағанды (қазан) облыстарында тамақ кәсіпорындарының бизнес-қоғамдастығының өкілдері, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің және Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының мамандары үшін онлайн-оқыту өткізілді.

3 күн ішінде Кодекс Алиментариус Комиссиясының рөлі және Еуропа бойынша өңірлік үйлестіруші ретіндегі Қазақстанның миссиясы, микробқа қарсы төзімділік жөніндегі арнайы үкіметаралық жұмыс тобының қызметі туралы тақырыптар қозғалды. Қазақстандағы тамақтан улану проблемалары, тамақ өнімдерін бақылау жүйесін бағалау құралдары, инспекция және зертханалық бақылау қағидаттары, ФАО мен ДДҰ әзірлеген GHP және GMP тиісті гигиеналық практикаларының негіздері қамтылған.

Пестицидтердің қалдықтары, тамақ өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік препараттар мәселелері, тамақ өнімдерінің импорты мен экспортын бақылау және сертификаттау жүйелері жөніндегі комитеттерді қоса алғанда Кодекс Алиментариус Комиссиясының көмекші комитеттерінің жұмысы шеңберінде тұтынушылардың денсаулығын және өндірушілердің мүдделерін қорғау мәселелері  таныстырылды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық және халықаралық талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударылды.

Өткізілген тренинг бірыңғай платформада тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бизнес-операторлардың тамақ қауіпсіздігі саласындағы білімін арттыруда, яғни шығарылатын өнімнің тағамдық қауіпсіздігінің кепілдіктері мен тұтынушылардың денсаулығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын осындай оқыту тренингтерінің пайдасы туралы ойларын айтты.