Коммуналдық объектілерде медициналық қарап-тексеруге санитариялық-эпидемиологиялық қойылатын талаптар

Коммуналдық объектілерде медициналық қарап-тексеруге санитариялық-эпидемиологиялық қойылатын талаптар

Денсаулық адам өміріндегі ең маңызды және жаһандық  факторы  болып есептеледі.

Кез-келген қызмет саласында жұмыс істейтін адамдар үшін олардың денсаулық деңгейін білу маңызды. Кәсіпорындардың әкімшілігі меншік түріне қарамастан, өз кәсіпорнындағы жұмысшылардың арасындағы аурудың деңгейін білуі керек.

Әрбір жұмысшы медициналық тексеруден өтуі тиіс және оның нәтижелері бекітілген медициналық үлгіде тіркеледі.

Медициналық тексерудің 3 түрі бар:

- алдын ала медициналық тексеру (жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде);

- ағымды медициналық тексеру (халықтың декреттелген топтары үшін);

- ағымды медициналық тексеру (зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін);

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 «Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсеткіштерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік тізбелерді бекіту туралы» бұйрығы күшіне енді.

Осы бұйрықта алдын ала медициналық қарап-тексеру (жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде) және ағымды медициналық қарап-тексеруге қойылатын талаптар көрсетілген.  Міндетті медициналық тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі және жұмыстың зиянды факторларын ескере отырып, олардың кезеңділігі көрсетілген.

Шымкент қаласында халыққа қызмет көрсететін 773 коммуналдық нысан (сұлулық салондары, қонақ үйлер, моншалар, сауналар, спорт объектілері және басқалар) бар. Бұл кәсіпорындардың қызметкерлері жұқтыру қаупі бар (туберкулез, тері-дерматологиялық, трихофитоз, себорея және басқалар) және жұқпалы ауруларды жұқтырын алуы және жұқтыру көзі болуы мүмкін. Қала тұрғындары арасында жұқпалы ауруларды аңықтау және олардың таралуын болдырмау мақсатында мерзімді және профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі.

Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болуы керек және ауруды ерте кезеңде анықтап, уақтылы емдеуді бастау үшін уақтылы медициналық тексеруден өтуі керек.