
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасында Қызылорда облысында 4 аудан – Жалағаш, Шиелі, Қармақшы және Арал аудандары «жасыл» аймақта, 3 өңір – Жаңақорған, Қазалы және Қызылорда қаласы «сары» аймақта және 1 аудан – Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енді.
Жыл басынан бері бүгінге дейін Сырдария ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 79 жағдайы тіркелді, сәуір айының 13 күнінде 43 дерек анықталып отыр. Ауданның қызыл аймаққа енуіне байланысты қазіргі таңда ауданда шектеу шаралары, оның ішінде карантинді күшейту туралы аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.