
2021 жылдың 13 сәуірінде Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «ZOOM» платформасында, Шымкент қаласы білім басқармасының базасында мектеп директорларымен, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің меңгерушілерімен, жоғары оқу орыны және орта оқу орыны басшыларымен семинар-кеңес өткізді.
Семинарда COVID-19-ға қарсы вакцинацияның пайдасы туралы түсіндірілді. Вакцинацияның арқасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізуге және аурудын тіркелуін төмендетуге болатындығын, бұл бұрынғы қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.