ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерімен жедел кеңес өткізді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерімен жедел кеңес өткізді

Бүгін, 2021 жылдың 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерімен бейнеконференция режимінде кеңес өткізді.

Күн тәртібіне бірінші кезекте аймақтардың эпидемиологиялық ахуалы, оның ішінде - «қызыл» және «сары» аймақта орналасқан өңірлердің ахуалы қаралды. Е.Қиясов коронавирус инфекциясының таралуының күрт көбейуіне байланысты карантиндік режимді сақтаудың маңыздылығы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаппай вакцинациялаудың басымдылығын еске салды. Е.Қиясовтың айтуынша, бұл мәселеде екпе егу процесін ұйымдастырумен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу де маңызды рөл атқарады.

Кеңес соңында Е.Қиясов коронавирус инфекциясын таралуының алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.