Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 5 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 5 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1809 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 256 837 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 37608 (+585),

- Нұр-Сұлтан қаласында – 33057 (+242),

- Шығыс Қазақстан облысында - 23057 (+23),

- Павлодар облысында - 19305 (+31),

- Атырау облысында - 19207 (+64),

- Қарағанды облысында - 18242 (+90),

- Ақмола облысында – 15626 (+60),

- Батыс Қазақстан облысында – 15677 (+101),

- Қостанай облысында - 13996 (+34),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 13148 (+24),

- Алматы облысында - 15006 (+278),

- Шымкент қаласында -7159 (+30),

- Жамбыл облысында – 6543 (+28),

- Ақтөбе облысында - 5882 (+153),

- Түркістан облысында – 4585 (+16),

- Маңғыстау облысында - 4541 (+11),

- Қызылорда облысында - 4198 (+39).

 

Қазақстанда 1122 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 409,
Алматы қаласында - 220,
Шымкент қаласында - 4,
Ақмола облысында - 51,
Ақтөбе облысында - 21,
Алматы облысында - 61,
Атырау облысында - 37,
Шығыс Қазақстан облысында - 26,
Жамбыл облысында - 31,
Батыс Қазақстан облысында - 31,
Қарағанды облысында - 76,
Қостанай облысында - 32,
Қызылорда облысында - 2,
Маңғыстау облысында - 11,
Павлодар облысында - 76,
Солтүстік Қазақстан облысында - 17,
Түркістан облысында - 17.

Елімізде барлығы 226 378 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 6 сәуірдегі ақпарат

6 сәуірдегі мәлімет бойынша, 28 333 адам короновирус инфекциясынан (27 330 КВИ+ және 1 003 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 243 пациент стационарда, 18 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 456 адамның жағдайы ауыр;
• 132 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 4 сәуірдегі мәлімет бойынша 7 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған, 171 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 839, өлім жағдайлары - 709, барлығы 49 127 адам сауығып шықты.