
2021 жылдың наурыз айында 1481 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 2839 нысан мониторингпен қамтылды. Соның ішінде: 1455 тағам нысандары, 1166 коммуналдық нысандар, 120 өнеркәсіптік нысандар және 98 балалар мен жасөспірімдер нысандары қамтылды.
Мониторингпен қамтылған 1455 тағам нысандарының ішінен 750 қоғамдық тамақтану орындары болды. Қоғамдық тамақтану орындарында келесі бұзушылықтар жиі орын алуда: жұмыс істеу режимінің сақталмағандығы, мерекелік жиындардың өткізілгендігі, бетперде кию режимінің сақталмағандығы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы жиі кездесуде.
Наурыз айында барлығы 49 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3853297 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Соның ішінде:
-10 әкімшілік айыппұл - жұмыс істеу режимінің сақталмағандығы үшін;
- 14 әкімшілік айыппұл – адамдардың көп шоғырлануына байланысты мерекелік жиындардың өткізілгендігі бойынша;
- 15 әкімшілік айыппұл - бетперде кию режимінің сақталмағандығы үшін;
-10 әкімшілік айыппұл дезинфекциялық режимнің сақталмағандығы үшін салынған.
Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуы бойынша түсіндіру, БАҚ арқылы жариялау жұмыстары жалғасуда.