
Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ай сайын өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуде.
Шымкент қаласының сауда желілерінен 2021 жылдың басынан бері барлығы 483 өнім сынамасы сатып алынды, соның ішінде отандық өнімдер – 94 сынама, ЕАЭО мүше мемлекеттер өнімдері – 290 сынама және басқа елдер өнімдері – 99 сынама. Олардың ішінде тағам өнімдерінің 324 сынамасы зертханалық зерттеуге алынып тексерілді (отандық өнім – 87, ЕАЭО мүше мемлекеттер өнімдері – 205, басқа елдер өнімдері -32). Соның ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген 11 өнім анықталды, (отандық өнім – 6, ЕАЭО мүше мемлекеттер өнімдері – 5). Тамақ өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 9 сынама, таңбалануы бойынша 2 сынама техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді.
Сәйкес келмейтін тамақ өнімдері: құс еті және құс өнімдері – 4 сынама, сүт және сүт өнімдері – 2 сынама, май және май өнімдері - 2 сынама, балық еті және балық өнімдері – 1 сынама.
Анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарымдар берілді.
Кәсіпкерлік субъектілері арасында қолданыстағы нормативті құжаттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ZOOM платформасында Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы», 022/2011 «Тағам өнімін таңбалау бөлігінде» техникалық регламенттері талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.