Кене энцефалиті және Лайм (боррелиоз) ауруы

Кене энцефалиті және Лайм (боррелиоз) ауруы

Алматы облысында трансмиссивті табиғи-ошақтық аурулардың ішінде кене шағуы арқылы туындайтын "Кене энцефалиті" және "Лайм боррелиоз" аса өзекті болып табылады.

Кенелердің белсендену маусымы сәуірден қыркүйекке дейінгі кезең болып саналады, олардың ішіндегі ең қауіптісі - мамыр мен маусым айлары.

2020 жылы кене шағуымен медициналық көмекке 3140 адам жүгінген, оның ішінде 1 адам кене энцефалитімен ауырған. (2019ж.4393 - 7 жағдай КЭ).

Облыста 11 аудан мен 2 қаланың аумақтары кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып табылады: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Кеген, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары. Жыл сайын сәуір, маусым айларында осы аумақтардың тұрғындары жиі демалысқа шығатын саябақтарда, скверлерде және ашық аумақтарда кенеге қарсы жою жұмыстары (968 га 2 рет) жүргізіледі.

Сырқаттануды алдын алу мақсатында - осы аудандарда жұмыс істейтін тұрғындарға кене белсенділігі маусымына дейін вакцинация курсы жүргізіледі.

Иммундау күз айларында қазаннан қарашаға дейін басталады, содан кейін көктемде жалғасады. Вакцинация кене энцефалитінің вирусынан қорғау үшін иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Табиғаттағы жұқпаның резервуары мен тасымалдаушылары - иксод кенелері.

Адам кене энцефалиті вирусын - ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішкен кезде, жабысқан кенені ұсақтау және ысқылау кезінде жұқтырады. Кене энцефалиті вирусын- орманға бармай ақ жұқтыруға болады, кенелер гүлдерімен, бұтақтармен, үй жануарларының жүндерімен және т. б. әкелінуі мүмкін.

Сырқаттану кене шаққаннан уақыттан бастап 10-20 күннен кейін жедел дамиды. Вирус мидың сұр затын, жұлынды және перифериялық нервтерді зақымдау нәтижесінде, бұлшықеттерге әсер етіп, аяқ-қолдардың салдану және терінің сезімталдығының бұзылу белгілеріне алып келеді.

Кене шағудан кейінгі тиімді алдын-алудың бір жолы кене энцефалитіне қарсы қарсы иммуноглобулинді алу (бұлшықет ішіне және бір рет). Оны 3 күн ішінде мүмкіндігінше тезірек енгізу керек.

Қазақстан Республикасында кене энцефалитінен эндемиялық аумақтарға - Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары және Алматы қаласы жатады, жылдан жылға кенелердің таралу аумақтары кеңеюде.

2020 жылы Республика бойынша кене энцефалитінің 32 жағдайы тіркелді. (35жағ.2019ж.). Ұлттық сараптама орталығында кене шаққан адамдардың 90 қан сарысуы зерттелді, оның ішінде 4 адамнан оң нәтиже алған, 363 кене зерттеліп оның 7-де оң нәтиже. Мемлекеттік тапсырыс аясында эндемиялық аумақтан 260 кене тексеріліп, оң нәтиже анықталған жоқ.

Неғұрлым денсаулығыңызға сақ қарасаңыз, соғұрлым аурудан сау боласыз!