Үстіміздегі жылдың басынан бері өңірде карантиндік талаптарды бұзудың 1476 фактісі тіркелген. Тыйым салынған іс-шаралардың ішінде әсіресе "көкпар" ойынын ұйымдастыру және мейрамханаларда банкеттер өткізу көш бастап тұр.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында күнделікті жүргізілетін бақылау және тексеру жұмыстарының нәтижесінде карантиндік талаптарды бұзу фактілері азайған.
Ақпан айында 436 жағдай анықталса, ал наурыз айында 259 жағдай тіркелген.
2021 жылдың басынан бастап мобильді топтар 77 701 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізген. Карантин талаптарын бұзған 1 476 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 83 млн 610 мың теңгеге айыппұл салынған.