Ақтөбеде шектеу шараларын бұзып отырғандар әлі де бар

Ақтөбеде шектеу шараларын бұзып отырғандар әлі де бар

Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласының және 12 ауданның әкімдіктері жанынан құрылған 47 мобильді мониторингтік топ жеке тұлғалардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, сондай-ақ Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдаған қаулылардың талаптарын орындауы бойынша рейдтік тексерулер жүргізуді жалғастыруда.

Қазіргі таңда мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 19 514 730   теңге көлемінде 140  айыппұл салынды.

Мысалы, Ақтөбе қаласы бойынша шектеу шараларын бұзып отырғандар әлі де бар, оның ішінде бетперде кию режимін сақтамау, шектелген жұмыс уақытын сақтамау, адам көп жиналатын іс-шаралар өткізу және т.б. Атап айтатын болсақ:

-Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Крылов көшесі, 39 мекен жайында орналасқан «Тұран» мейрамханасында 250 адамға тренинг өткізілген;

- Ақтөбе қаласы, Авиагородок көшесі, 14 Д мекен жайында орналасқан «Керемет» рестораны шектелген жұмыс уақытын сақтамаған және т.б.

Бүгінгі күні Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 16 тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 13 объектіге 1 138 315 теңге көлемінде айыппұл салынды,                            13 ұйғарым берілді, объектінің жұмысын тоқтату бойынша 1 материал әкімшілік сотқа жіберіліп, сотпен 277800 теңге көлемінде 1 айыппұл «Диана палас» мейрамханасының жеке кәсіпкеріне салды.