Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 21 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 21 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 208 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 232 906 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 30191 (+410),

- Нұр-Сұлтан қаласында – 28248 (+203),

- Шығыс Қазақстан облысында - 22621 (+20),

- Павлодар облысында - 18811 (+37),

- Атырау облысында - 18007 (+41),

- Қарағанды облысында - 16847 (+90),

- Ақмола облысында – 14896 (+51),

- Батыс Қазақстан облысында – 14338 (+93),

- Қостанай облысында - 13429 (+42),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 12901 (+16),

- Алматы облысында - 12360 (+95),

- Шымкент қаласында -6537 (+27),

- Жамбыл облысында – 6256 (+14),

- Ақтөбе облысында - 4736 (+39),

- Түркістан облысында – 4426 (+13),

- Маңғыстау облысында - 4361 (+13),

- Қызылорда облысында - 3941 (+4).

 

Қазақстанда 627 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 151,
Алматы қаласында – 61,
Шымкент қаласында - 20,
Ақмола облысында - 57,
Алматы облысында - 116,
Атырау облысында - 51,
Шығыс Қазақстан облысында - 14,
Батыс Қазақстан облысында - 34,
Қарағанды облысында - 82,
Павлодар облысында - 36,
Түркістан облысында - 5.

Елімізде барлығы 211 754 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

2021 жылдың 22 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

22 наурыздағы мәлімет бойынша, 21 314 адам короновирус инфекциясынан (18 228 КВИ+ және 3 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 369 пациент стационарда, 14 945 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 287 адамның жағдайы ауыр;
• 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 35 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 20 наурыздағы мәлімет бойынша 21 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған 192 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 121, өлім жағдайлары - 662, барлығы 46 373 адам сауығып шықты.