
Наурыз мейрамында әрбір үйде отбасына арналған мерекелік дастархан жайылады. Бұл ретте көптеген отбасыларда мерекелік дастархан үшін тағамның түр-түрі мол етіп дайындалады.
Сондықтан, мерекелік күндері денсаулығыңызға қауіп төндірмеу үшін алдын ала барлық қауіп факторларын анықтап, одан сақтануға кеңес береміз.
Осындай қауіп факторларының бірі – тағамнан улану.
Егер, тағам өнімдері сатып алғанда сапасыз болса немесе тағам алдын ала дайындалған болса, әсіресе мерекеден кейінгі үстелден қалған тағамдар желінген жағдайда улану қаупі туындайды.
Тамақтан улану қаупін болдырмау және қауіп дәрежесін азайту үшін келесідей тағамнан уланудың алдын алуға бағытталған қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтауды ұсынамыз:
- тағам сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;
- қаптамада көрсетілген өндіруші ұсынған мерзімге дейін сақтаңыз;
- тағамды тек балғын өнімдерден дайындаңыз;
- салатқа арналған көкөністерді кешкісін дайындап, салқындатып, тоңазытқышта сақтаңыз және үстелге берер алдында 2 сағат бұрын араластырыңыз, барынша маймен;
- кондитерлік өнімдерді, кремді торттарды бөлмеге алдын ала қоймаңыз, сақтау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
- уақытылы тез бұзылатын тағам қалдықтарын тастаңыз;
- тағам дайындау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
- жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;
- тағам дайындау барысында жеке бас гигиенасын сақтаңыз;
Негізінен қысқы кезеңге дайындалған үй жағдайында дайындалған (саңырауқұлақтар, қиярлар, қызанақтар, кәділер және т.б.) консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет. Сапасыз консервіленген ауа кірмейтін, герметикалық жабық банкадағы көкөністерде ауру қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы микробтар түсі, иісі жоқ және дәмі жоқ, жылан уынан 250-ден есе күшті токсиндер бөледі. Бұл токсиндер ағзаға енген жағдайда дені сау ағзада ауыр «Ботулизм» ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Консерві қақпағы сәл көтерілуі (бомбаж) байқалса немесе өнімнің сапасына қандайда бір күдік туындаса өнімді қолданудан бас тартыңыз.
Көшелерден және базардан үйде дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудан сақтаныңыз. Дүкендерден қақпағы көтерілген немесе күмәнді басқа да өнімдермен консервілерді сатып алмаңыз.
Өкінішке орай, соңғы уақытта көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы үй жағдайында дайындалған тағам өнімдеріне (торттар, тоқаштар, суши, чебуректер,салаттар, нан өнімдері және т.б.) тапсырыс беруді әдетке айналдырған, себебі бұл ыңғайлы, әрі кафе немесе мейрамханаларға тапсырыс бергеннен әлдеқайда арзанға түседі. Әлеуметтік желілерден тағам тапсырыс бермес бұрын, тағамның қайда, қалай және кіммен дайындалатынын ойланыңыз.Тағам өнімдері лас, дайындауға қажетті қарапайым жағдайы жоқ бейімделген үй-жайларда, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам өнімдерінен және т.б. дайындалуы және шикі және дайын тағам өнімдеріне бір ыдыс қолданылуы мүмкін. Ал, тағам дайындайтын адам Сізге және сіздің балаларыңыздың денсаулығына қауіп келтіретін инфекциялық аурумен ауыратын немесе бактерия тасымалдаушы болуы мүмкін.
Егер айтылған кеңестерге құлақ түрмесеңіз, Сіздің осындай жағдайға ұшырамауыңызға ешқандай кепілдік жоқ. Өз өміріңіз бен балаларыңыздың денсаулығын тәуекелге тігуге болмайды. Егер, Сіздің ауруыңызға әлеуметтік желі арқылы тапсырыспен алынған тағам өнімдері себепші болған жағдайда әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікті өз мойнына алады ма? Ойланыңыз!
Тағамнан улану күдігі байқалса, тез арада қажетті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгіну қажет, өздігіңізден ем алмаңыз.