Жамбыл облысында 2021 жылдың басынан 8 объекті сотқа берілді

Жамбыл облысында 2021 жылдың басынан 8 объекті сотқа берілді

2021 жылдың басынан бастап Жамбыл облысы Тараз қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бірнеше рет бұзғандығы үшін 8 іс («Коала» кальян-дәмхана, дәмхана «Марко Поло», дәмхана «Тропикано», мейрамхана «Гауһартас», дәмхана «Диско 80-90-х, ойын клубы «Самурай», мейрамхана «Севинч», мейрамхана «Парлак») ауданаралық экономикалық сотқа берілді.

Сотқа берілген объектілерге бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 13 290 835 теңгеге айыппұл салынды.

Районаралық экономикалық сот «Коала» кальян-дәмханаға қатысты карантин режимі аяқталғанға дейін жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қалған істер сотпен қаралуда.

Кәсіпкерлердің және тұрғындардың карантиндік шектеулерге немқұрайлы қарау себебінен облысымызда COVID19 аурушаңдығы әлі тіркелуде. 2021 жылдың басынан бастап Жамбыл облысы бойынша барлығы 1185 КВИ тіркелді.