Қарағанды облысында 2021 жылғы 1 қаңтарынан 15 наурызына дейін Үйлестіру орталықтарынан алынған шұғыл хабарламаларға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 208 жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Карантин режимінің бұзылуы бойынша 173 хаттама толтырылып, 20,9 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты карантиндік талаптарды бірнеше рет бұзғаны үшін "Onstage" кафесі мен "Ясар"мейрамханасының қызметін 1 ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Жезқазған қалалық соты топтық іс-шараларды (үйлену тойлары) бірнеше рет өткізгені үшін "Алтын Сарай" мейрамханасына 100 АЕК көлемінде айыппұл салып, кәсіпкерлік қызметін 3 айға тоқтатату туралы шешім қабылдады.
КВИ таралуына жол бермеу мақсатында Департамент мамандары еліміздің және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды орындау бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.