Туберкулезден қорғанайық!

Туберкулезден қорғанайық!

Жыл сайын 24 наурыз күнібүкіл әлемдеатап өтілетін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні қарсаңында айлық  өткізіледі.

2021 жылы айлық (24 ақпаннан 24 наурызға дейін) «Уақыт келе жатыр! Туберкулез ауыртпалығын азайту бойынша 2022 жылдың мақсаттарына бірге жетеміз!» ұранымен өтеді.

Пандемияны ескере отырып, айлық аясындағы іс-шаралар Ақмола облысында онлайн өткізілетін болады. Санитариялық қызмет мамандары фтизиатрия қызметінің және МСАК медициналық қызметкерлерінің қатысуымен туберкулезді ерте диагностикалау және алдын алу бойынша семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, оқу орындарында және өзге де ұйымдарда күшейтілген ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Айлық аясындағы іс-шаралар халықтың туберкулездің алғашқы белгілері, уақтылы емдеу тиімділігі, темекі шегуден, есірткіден, алкогольден бас тартуды, ұтымды тамақтану мен дене белсенділігін сақтауды қоса алғанда, алдын алу іс-шаралары туралы хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді. Салауатты өмір салтын ұстануды дамыту (мінез-құлық факторлары) және әркімнің өз денсаулығы үшін жауапкершілігін одан әрі өзгерту, қалыптастыру және профилактикалық тексерулерден міндетті түрде өту қажеттілігін түсіне білу.