Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы қосымша егу пункттері ашылды.

Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы қосымша егу пункттері ашылды.

Бұған дейін коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары тек 3 емханада жүргізіліп келген болса, наурыз айынан бастар олардың саны 14-ке жетті.

COVID-19-ға қарсы екпе жүргізуге жұмылдырылған барлық егу пункттері санитариялық нормалардың талаптарына сәйкес келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні облысқа жеткізілген Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 6200 дозасы «салқын тізбек» қағидалары сақтала отырып, қалалық, аудандық емдеу мекемелеріне жеткізілді. Сәйкесінше тиісті контингенттерді вакциналау басталып кетті.

Бүгінгі күні «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентімен облыс бойынша барлығы 2119 адам егілді, ал екінші компонентімен ревакциналаудан өткен адамдар саны 710-ды құрап отыр.