
Ағымдағы жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қоршаған ортаға және санитариялық-қорғаныш аймақтарына шығарылатын шығарындылар мен физикалық факторлар бойынша нормативтік құжаттаманың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнаманың сақталуы мәселелері жөнінде оқыту семинары өткізілді.
Семинарға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің осы жұмыс бөліміне жауапты басшылары, орынбасарлары, сондай-ақ мамандары қатысты.
Семинарға қатысушыларға жобалық құжаттаманы санитариялық-эпидемиологиялық сараптау және санитариялық-қорғаныш аймағын құру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру қағидалары мен тәртібі бойынша баяндамалар ұсынылды.
Семинардың барысында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Г.К.Килибаеваның баяндамасы тыңдалды, баяндамада атмосфералық ауаны санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүзеге асыру тәжірибесі айтылды.
Семинардың екінші бөлігінде проблемалық мәселелерді талқылау жүргізілді және қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.