Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері КВИ-ға қарсы екпе қабылдаған

Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері КВИ-ға қарсы екпе қабылдаған

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен КВИ-ға қарсы екпемен қамту науқаны басталған болатын. Екпе егу жұмыстары бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарында жүргізілген.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 22 қызметкері қалалық емханада коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда екпе алғандар мамандар жағдайлары бірқалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Вакцинаның екінші компонентін 25-наурыз күні қабылдайды.

Жалпы Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері екпе қабылдаған. Наурыз айында КВИ-ға қарсы екпемен мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлерін қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, облысқа Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының 8 600 дозасы жеткізілген.